+7(7172) 79-43-24


Отклики членов Ассоциации социологов Казахстана на статью Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания»

18.04.2017

Мансия Садырова, академик Ассоциации социологов Казахстана, доктор социологических наук:
Идея қалыптастырудың жаңа бағыты
– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Президент рухани жаңғыруды одан әрі дамытудың сындарлы жүйесін айқындап берді. Бұл жерде еліміздегі жаңғыртудың жүйелік сипаты бар екенін айта кету керек. Рухани жаңғырудың басты жолы – қоғамдық сана мен біртұтас ұлттық идеяны қалыптастыру – өзекті мәселе. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақ тарын бойға сіңіруіміз керектігі ұрпақ тәрбиесіндегі басым дылыққа айналдыру бағытында әлеуметтік ғылым саласындағы мамандар ғылыми және практикалық тұрғыдан өз ізденістерінің бағытын айқындауы керек. 

Әсіресе, қазіргі кезде қалыптасқан екі бағытты ескеру керек. Бірін шіден, тұрғындар арасында дәстүрлілікті сақтауға деген ба сымдылықпен сипатталатын топ бар. Олар қалыптасқан өмір салтын сақтап қалуға қалайда ұмтылады. Екіншіден, жаңа стандарттарды сырттан таңу. Бұл жерде ұлттық менталитет, жергілікті даму ерекшеліктері ескеріле бермейді. Тұрғындардың бұл тобына кіретіндер жаңа қарым-қатынас нормаларын қабылдағанмен әлі бейімдеу процесінен өте алмай жүрген не жеке тұлғалық қақтығыстардан шыға алмай жүрген топ. Сонымен қатар осы заманда дүниеге келген ұрпақтың сана- сезімі мүлдем бас қаша екенін ескеру керек. Жас ұрпақ кеңестік идеологияны көрмеген, қазіргі әлеуметтік өзгерістерді ақпараттық техноло гияларды пайдалана отырып талдайтын, сенімге толы топ. Олар енді тола бастаған ыдыс сияқты. Сондықтан ол ыдысты алдыңғы ұрпақ немен толтырады деген мәселе қазіргі кезде ұлттық идео логияны қалыптастыруда ойландыратын тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл ұрпақ вестернизациямен, яғни батыстық құндылықтарға еліктеушілікпен де сипатталады. Президентіміз айтқандай, бұл жерде басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Яғни, ұлттық кодыңды сақтай білу керек. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп түйіндейді Елбасымыз. 

Мақалада сананы жаңғыртудағы бәсекеге қабілеттікті, праг- матизмді, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қа зақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы сияқты нақты бағыттары ұсынылған. Бұл бағыттар болашақтағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыттары бол- мақ. Сонымен қатар аталған басты әлеуметтік басымдықтар жас ұрпақты патриоттық сенімі мықты, бәсекеге төзімді қасиеттерге ие болу бағытындағы ғылыми және практикалық бағдарламалар мен үлгілердің де бастамасы болмақ. Алдағы уақытта мақалада көрсетілгендей, гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. 

Президеттің рухани жаңғырту міндеттерін орындауда Қазақстан әлеуметтанушылар ассоциациясының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы оқыту шыларының қосар үлесі зор. Кафедрада ЖОО-ның түлек терінің кәсіби потенциалын тиімді пайдалану, тілдік әлеуметтену, жаң ғыртуды әлеуметтанулық талдауға байланысты іргелі зерт теулер жүргізілуде. Осы тұрғыда ел әлеуметтанушылары Жолдауда аталған жаңғырту бағыттары бойынша ғылыми және қолданбалды зерттеулер жүргізу бағытында бірлескен жұмыстың жасалуын қолдайды. 

Ссылка: https://pdf.aikyn.kz/egazet/2017/04/563128.compressed.pdf


Зульфия Валитова, член Ассоциации социологов Казахстана, доцент кафедры политологии и социологии Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова:
– Статья Президента страны Н.А. Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» – программный документ с глубоко вдумчивой проработкой, требующий вдумчивого отношения. Идея о том, что модернизация страны и общества немыслима без изменения общественного сознания, органично соединяется с самыми разными сторонами общественной жизни. 

Весьма перспективным является подчеркивание значения социогуманитарного знания. Обществу нужны люди, владеющие профессиональными навыками «понимания современности и будущего». Нужен особенный взгляд на вещи, свободный от архаических привычек, стереотипов и «домашних рамок». Эта свобода обусловливается способностью понимать и критически оценивать социальную реальность, что невозможно возложить на машины и цифровые алгоритмы. Сделана ставка на самый важный капитал общества – конкурентоспособность человека. Может ли это стать основой модернизационного рывка, зависит от каждого из нас.

Ссылка: https://liter.kz/ru/articles/show/31520-naciya_edinogo_budushego

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru