Ассоциация социологов Казахстана

+7(7172) 29-94-70


2021 жылдың 14-15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік өзгерістер және болашаққа бағдар» атты Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресі өтеді

14.10.2021

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы» ҚБ (ҚСА) 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік өзгерістер және болашақтың перспективалары» атты ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРЫНЫҢ VII КОНГРЕСІ алаңында Сараптамалық кездесу өткізеді.

 Конгрестің негізгі мақсаты - Қазақстан әлеуметтанушылары Қауымдастығы қызметінің қорытындыларын талқылау, қарқынды түрде жүргізіліп жатқан көпэтникалық қоғам мен саяси транзитті жаңғырту жағдайында қоғамның үйлесімді әлеуметтік-саяси және болжамды гуманитарлық-білім беру дамуын қамтамасыз ету бойынша өзекті ғылыми-практикалық міндеттерді тұжырымдау.

Конгресс жұмысына Парламент Палаталарының Төрағалары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, ғылыми-академиялық және сараптамалық-талдау қоғамдастықтарының беделді өкілдері, Ресейден, Түркиядан және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысады.

 Конгресс жұмысы аясында пленарлық отырыс, диалог алаңдары, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел өткізіледі. Социологиялық қоғамдастық өкілдерін марапаттау рәсімі өтеді. Конгрестің диалог алаңдарының тақырыптары: «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік даму күн тәртібінің өзекті мәселелері» және «Қазақстандағы адами және әлеуметтік капитал: өлшеу, бағалау және даму үрдістері» болады.

Конгреске қатысушылар қазіргі кезеңдегі қазақстандық әлеуметтану ғылымының жай-күйінің өзекті мәселелерін және елдегі байқалып отырған жаңғырту процестерінің алғашқы жетістіктері тұрғысынан болжамды даму параметрлерін талқылайды.

Конгрестің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі, 11.
Конгресс жұмысының басталуы: 2021 жылғы 15 қазан сағат 10: 00
Барлық сұрақтар бойынша: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтына, ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Күмісходжаев Ербол Серікбайұлына хабарласуға болады, байланыс телефоны:      8 701 045 11 01, yerbolkumis@gmail.com.

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru