Ассоциация социологов Казахстана

+7(7172) 79-43-24


2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратында Тұңғыш Президенттің күніне арналған Астаналық әлеуметтанулық форум өткізілді

Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы» ҚҰ, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі.
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Б.А. Майлыбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов форум қатысушылары алдында құттықтау сөздерін сөйледі.
Еліміздің тәуелсіздік алу кезеңінен бастап мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілген әлеуметтану ғылымы Қазақстанның дамуы мен қоғамдық келісімінің сәтті іске асырылып жатқан үлгісінде маңызды рөл атқарады. 2002 жылдан қазақстандық әлеуметтанушылар мәртебелі кәсіби қоғамдастыққа айналған ортақ қауымдастыққа бірлесті. Қазақстанның әлеуметтанушылар қауымдастығы Халықаралық әлеуметтанулық қауымдастықтың құрамына кіріп, бүгінгі таңда Түркітілдес елдер әлеуметтанушылары одағына төрағалық етіп отыр.
Әлеуметтанушылар басқа қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өкілдерімен бірге ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының негізінде жатқан міндеттерді іске асыруға белсенді қатысады.
Форумға 250-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде – қоғам қайраткерлері, ғалымдар – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өкілдері, Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған әлеуметтанушылар, Л.Н. Гумилев атындағы әлеуметтану кафедрасы мен Қазақстан жоғары оқу орындарының әлеуметтану бөлімдерінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары қатысты.
Форумның қонақтары ретінде Ресей Федерациясы, Түркия, Ливан, Германия және Украина елдерінің ғалымдары мен әлеуметтанушылары шақырылды.
Форум бағдарламасында «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудегі әлеуметтанудың рөлі» пленарлық отырысы және «Елбасының Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде құрудағы рөлі», «Әлеуметтану мен әлеуметтанулық зерттеулердің қоғамдық рөлі» мен «Қазақстан 2050» стратегиясы аясындағы әлеуметтік сын-қатерлер мен әлеуметтанулық шешімдер» пікірталас алаңдары көрсетілген.
Ақырғы пікір-талас алаңында Тақырыптық жоспардың зерттеулері бойынша бірқатар қазақстандық ғалымдар Әбдірайымова Г.С., Бурова Е.Е., Илеуова Г.Т., Сәдуақасова А.К. жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісіп, өз баяндамаларын ұсынды. Форумның қорытындысы бойынша Форум материалдарының жинағы мен «Әлеуметтану Sociology» журналының кезекті нөмірі шығарылды. 

Астана қаласындағы әлеуметтанулық Форумның қорытындылары туралы

ВКонтакт Facebook Google Plus Одноклассники Twitter Livejournal Liveinternet Mail.Ru