2024 жылдың 22-23 қазанында Алматы қаласында «Қазіргі әлемдегі бірегейлік мәселелері: әлеуметтанулық өлшем» тақырыбында түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының қатысуымен Қазақстан әлеуметтанушыларының VIII Конгресі өтті
2024 жылдың 22-23 қазанында Алматы қаласында «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БІРЕГЕЙЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ӨЛШЕМ» тақырыбында түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының қатысуымен Қазақстан әлеуметтанушыларының кезекті VIII Конгресі өтті. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы (ҚӘҚ) -2002 жылы социогуманитарлық бағыттағы ғалымдардың күшін біріктіру мақсатында құрылған қоғамдық кәсіби берлестік. 2003 жылдан бастап ҚӘҚ Халықаралық әлеуметтанулық қауымдастықтың (ISA) тұрақты мүшесі болып табылады.
Әр үш жыл сайын Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы ҚӘҚ президенті, Түркітілдес елдер әлеуметтанушылары одағының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М.ТӘЖИННІҢ басшылығымен өз алаңында жетекші ғалымдар мен сарапшыларды жинап, әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салалары арасында деректермен, әдістермен және теориялармен алмасу мақсатында жұмыс жүргізеді. Мұндай тәжірибе қоғамдағы күрделі құбылыстарды, соның ішінде биылғы жылы талқыланатын басты тақырыптардың бірі – БІРЕГЕЙЛІК мәселесін, тұтас әрі тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Бірегейлік ұғымы бүгінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы танымал санаттардың біріне айналды. Бірегейлікті әлеуметтанушылар, психологтар, философтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, тілтанушылар, экономистер және тіпті маркетологтар зерттеуде. Бұл ұғым бастапқыда пәндік шекаралардан шығып, бір уақытта жеке, әлеуметтік, мәдени және саяси феномен ретінде көрініс тапты.
Ұлттық бірегейлікті нығайту, нақты мәдени және тарихи бірегейлік туралы Мемлекет басшысы Қ.К.ТОҚАЕВ 2023 жылдың 17 маусымында Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтып кеткен болатын.
Алғашқы Конгрестен бастап форумдардың мазмұнды және ауқымды бағдарламалары қатысушыларға тек практикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жаңа зерттеу идеяларын ұсынып, олардың кәсіби байланыс желісін байытып келеді.
Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы өткізетін Конгрестерге Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, салалық министрліктер ерекше назар аударып, қолдау көрсетеді. Халықаралық әлеуметтанушылары қауымдастығының тарапынан сол ұйым президенттері, вице-президенттері мен Атқарушы комитеті мүшелерінің тұрақты түрде өкілдік етуі Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының беделі мен аймақтағы рөлін айқын көрсетеді. Ол өз кезегінде отандық әлеуметтанушыларға әлемдегі әлеуметтану ғылымының заманауи жетістіктері мен жаңа даму үлгілерінен хабардар болып, оларды қазіргі қазақстандық әлеуметтану ғылымы мен тәжірибесіне қолдануға мүмкіндік береді.
Конгресс қатысушыларына өздерінің құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.ӘШІМБАЕВ пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі А.Ғ.БАЛАЕВА жолдады.
Профессор ЖАН МАРИ ФРИЦ өзінің құттықтау сөзінде Халықаралық әлеуметтану қауымдастығын (ISA) сол ұйымның президенті, профессор ДЖЕФФРИ ПЛЕЙЕРСТІҢ атынан өкілдік етіп сөйлей отырып, Халықаралық әлеуметтану қауымдастығы Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының өзінің 85 ұлттық қауымдастығының бірі екеніне өте мақтанатынын атап өтті.
Конгресстерге Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Туран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов қатысты.
Баяндамалармен шетелдік ғалымдар: Еуразия әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркітілдес елдер әлеуметтанушылары одағының вице-президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Ыстамбұл университетінің (Түркия Республикасы, Ыстамбұл қ.) профессоры Хаяти Түфекчиоғлу; «Ижтимоий фикр» Республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Н.Х.Рахимова; ЦЕССИ Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы А.В. Андреенкова сөз сөйледі.
Конгресс спикерлері ретінде танымал қазақстандық әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар, философтар: Азияны зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.М.Әкімбеков; Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты А.М.Әмребаев; PaperLab зерттеу орталығының директоры С.Н.Бейсембаев; қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.К.Бисенбаев; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Т.Забирова; «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Г.Т.Илеуова; Нархоз университетінің Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Е.Т.Исабаев; Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Т.Б.Қалиев; «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Н.С.Матжани; Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының ғылыми жетекшісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор З.К.Шәукенова сөз сөйледі. Талқылауда Қоғамдық саясат институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.М.Нұрғалиева сөз сөйледі.
(Studies) Жекеленген зерттеу салалары пәнаралық сипатқа ие болып, әлеуметтік ғылымдар арасындағы шекараларды жойып келеді, бұл Конгресстер қатысушыларының баяндамаларында айқын көрініс тапты. Деректердің ашықтығы мен ашық әлеуметтану идеясының маңыздылығы, зерттеулердегі ашықтық және деректердің кең аудиторияға қол жетімділігінің маңыздылығы атап өтілді.
Заманауи қазақстандық әлеуметтануды дамыту үшін жаңа формациядағы білікті әлеуметтанушылар құрамын қалыптастыру қажет – олар теориялық шеңберлерді терең түсініп, жұмыс істеуге арналған техникалық дағдыларға ие болуы тиіс. Бұл кәсіби сұранысты Қазақстанда зерттеушілер мен сарапшыларға арналған жаңадан ашылып жатқан мектептер мен бағдарламалар айқындап жатыр. Осы орайда, Қазақстан әлеуметтанушылары Конгресінің жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі дәстүр бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының базасында әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Әбдірайымованың модерациясымен өткен ЖАС ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАР ФОРУМЫ (ЖӘФ) шеңберінде өткен білім беру іс-шаралары болды. Жас әлеуметтанушылар алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ю.В.Кучинская сөз сөйледі. Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің жетекшісі А.М.Сарсекеева және А.Н.Родионов Форум аясында «Кәсіби даму курсы және Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің шеберлік сабағын» өткізді. Форум барысында Жас әлеуметтанушылар қауымдастығының жаңа төрайымы болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы М.А.Ақмади 2027 жылға дейін сайланды.
Қазақстан әлеуметтанушыларының Конгресінде 2005 жылы Қазақстан әлеуметтану академиясы құрылды. Алғашқы академиктер әлеуметтану және философия ғылымдарының он екі докторы болды. Жаңа академиктердің есімдері тек әлеуметтанушылар Конгресінде айтылады. Биыл Қазақстан әлеуметтану академиясының академиктері атағына – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә. Алдашов, А.К.Сәдуақасова, Г.Т.Илеуова ие болды. Академияның шетелдік мүшесі Н.Х. Рахимова (Өзбекстан Республикасы) болды.
Конгресс шеңберінде «Коммуникация әлеуметтануына кіріспе» кітабының ТҰСАУКЕСЕРІ өтті. «Коммуникация әлеуметтануына кіріспе» кітабы – Хаяти Туфекчиоғлу жазған «İletişim Sosyolojisine Başlangıç» атты еңбегінің аудармасы. Бұл ғылыми еңбектің тақырыбына қызығушылық уақыт өте келе жойылған жоқ, керісінше, ол одан әрі өзекті және сұранысқа ие бола түсті. Кітап білікті мамандарға, сондай-ақ сол кәсіби салада білікті маман болуға дайындалып жүрген барлық адамдарға арналады.
Конгресс қатысушыларының бірауызды шешімімен ҚӘҚ президенті М.М.Тәжин мен вице-президенттер К.Ү.Биекенов пен С.Т.Сейдуманов жаңа мерзімге қайта сайланды. ҚӘҚ-ның бас ғылыми хатшысы қызметіне Ә.А. Ибраимова тағайындалды.
М.М.Тәжин Түркітілдес елдер әлеуметтанушылары одағының президенті болып қайта сайланды, ал вице-президенттер ретінде Хаяти Туфекчиоғлу (Түркия), С.Т.Сейдуманов (Қазақстан), Г.Т.Галиев (Башқұртстан) қайта сайланды. Жаңа вице-президенттер ретінде Н.Х.Рахимова (Өзбекстан) мен Н.А.Омуралиев (Қырғызстан) сайланды.
Түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының өткізілген сегіз Конгресінің үшеуі Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығымен Алматы қаласында өткізілді: 2008 жылы (Екінші Конгресс), 2014 жылы (Бесінші Конгресс) және 2024 жылы (Сегізінші Конгресс). Келесі түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының Конгресін өткізу уақыты мен орны Ұлттық әлеуметтану қауымдастықтарының басшыларымен келісілгеннен кейін шешілетін болады. Ал түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының мерейтойлық X Конгресін Түркияда, Анкара қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан әлеуметтанушыларының келесі IX Конгресі 2027 жылы өтеді.
БАҚ және әлеуметтік желілердегі іс-шара туралы жарияланымдарға сілтемелер:
https://qazaqstan.tv/news/201459/
https://24.kz/ru/news/social/item/677157-mezhdunarodnyj-kongress-sotsiologov-proshjol-v-almaty
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/zha-aly-tar-toptamasy/item/677181-23-azan-2024-zhyl-23-00-zha-aly-tar-toptamasy
https://egemen.kz/article/375302-aleumettik-saykestiktinh-qyr-syry
https://kaz.inform.kz/news/kazrg-sotsiologtardi-kogamdagi-kanday-maseleler-mazalaydi-10f0cc/
https://ar.inform.kz/news/qazyry-almttaneylardy-qwcamdacy-qanday-masllr-mazalaydy-492b1b/
https://vecher.kz/ru/article/v-almaty-prohodit-viii-kongress-sosiologov-kazahstana-i-tiurkoiazychnyh-stran.html
https://vecher.kz/uploads/files/2024/10/25204858000.pdf
https://ustinka.kz/kazakhstan/society/101913.html
https://ijtimoiyfikr.uz/ru/press-sentr/novosti/25674.htm
https://www.ofstrategy.kz/ru/news/item/890-viii-kongress-sotsiologov-proshel-v-almaty
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1028509882407158&id=100057444668625&rdid=9UDh02m2uhzrXGkv
https://www.facebook.com/share/p/ZQ2Q9tQj1YWitkD7/
https://www.facebook.com/share/rFbX57ktTu9uXNpx/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/JqTHzp6h97KkURSv/
https://www.facebook.com/share/p/9pUTKQ8Yvbb2FoDP/?mibextid=WC7FNe
https://www.facebook.com/share/p/R12wtnAXnvDB7VYs/
https://www.facebook.com/share/p/vCniP6DoJUX4oqno/
https://www.facebook.com/share/p/EGsr5pEHTm9GACKW/
https://www.facebook.com/nur.baigabyl/posts/
https://www.facebook.com/aigulsadvokassova/posts/-
https://www.facebook.com/permalink.php/
https://www.facebook.com/assol.akisheva/posts/